«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы»

27 мамыр күні облыстық кітапханада Zoom платформасында «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» тақырыбы талқыланды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың бөлім басшысы Ж.К. Қажыбаева және кітапханашы М.М. Баешева Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетіміздің негізін қалаушы ретіндегі ерен еңбектері жайында баяндады. Іс-шараға Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждің оқытушылары мен студенттері қатысты.