«Шәкәрім оқулары» II Республикалық байқауының облыстық іректеу кезеңі

Павлодар облысы кітапханаларында 15 қантар мен 13 наурыз аралығында жас оқырмандар мен оқушылар арасында «Шәкәрім оқулары»атты республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауына іріктеу сайыстары өтті.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада 13 наурыз күні «Шәкәрім оқулары» республикалық байқауының облыстық сайысы  болды. Республикалық байқауға Ереже бойынша Ш.Құдабердиевтің 20- ға жуық өлеңдерін жатқа білу, оқудың мәнерлілігі мен эмоционалдылығы, автордың шығармашылығын білу керек болды. Сайысқа 5 бала қатысты. Облыстық байқаудың жеңімпазы болып Екібастұз қаласы, Бесқауға ауылы жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Беляева Кайынжамал атанды.

Беляева Кайнжамал 27 наурызда Астана қаласы ҚР Ұлттық Академиялық кітапханада өтетін финалдық турға жолдама алды.

Жерлесімізге сәттілік тілейміз!