Облыстық жыл қорытынды семинары

12 наурызда 2023 жыл қорытынды бойынша облыстық семинары өтті. Семинарға Павлодар облысының мәдениеті, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Ә.М.Ақсақова қатысты.

Облыс кітапханасының басшысы Ш.Шахметова «Павлодар облысының кітапханалары Қазақстан Республикасы мәдени саясаты тұжырымдамасын іске асыру жолында» жайлы айтты. Облыстық кітапхана мамандары жыл қорытындысына арналған «Аймақ кітапханалары: жетістіктер мен қиындықтар» және жергілікті жазушылардың кітаптары және өлкетану әдебиеттермен кітап қорын толықтыру мәселесіне арналған «Жергілікті ақын - жазушылар мұрасы, болашақ ұрпақ қазынасы» тақырыпта баяндамалар жасалды. Орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің басшылары аймақ кітапханаларының жетістіктері мен мәселелері жайлы айтып, өз ойларын ортаға салды. Семинар соңында «Оқуға құштар өңір – 2023» байқауының қорытындысы жасалып, жеңімпаз жарияланды. Шарбақты ауданының «Читай 365» жобасы үздік деп танылды. Жеңімпаз аудан арнайы мүсінге ие болып, дипломмен және қазіргі заманғы авторлардың кітаптарымен марапатталды.