«Шәкәрім оқулары» байқаудын облыстық кезені

28 ақпанда С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қолдауымен жас оқырмандар және оқушылар арасында Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойына орай «Шәкәрім оқулары» атты Республикалық байқауының облыстық кезені өткізілді.

Байқаудың мақсаты - қазақ халқының ойшылы Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларын насихаттау. Шәкәрім өлеңдерін жаттауды қолға алу кітапхана оқырмандары, жаңа буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттырып, отансүйгіштігін қалыптастыруға ықпал ету.

Қазылар алқасының төрағасы – филология ғылымдарының докторы, Торайғыров университетінің профессоры, академик – Айтмұхамбет Қасымбайұлы Тұрышев; қазылар алқасы мүшелері- филология ғылымдарының кандидаты, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің доценті- Әміренов Әділбек Дәуітбекұлы; ақын, журналист, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Павлодар қаласының Құрметті азаматы – Шолпан Байғалы

Байқау нәтижесі бойынша Павлодар қаласы №38 негізгі жалпы білім беру мектебінің 7 сынып оқушысы Бахберген Гүлназ байқаудын Республикалық кезеніне жолдама алды. Екінші-үшінші жүлделі орынға ие болған Май ауданы Көктөбе жалпы орта білім беру мектептің 7 сынып оқушысы Махмет Гүлшах және Ақтоғай ауданы Барлыбай ауылы негізгі мектептің 7 сынып Сембі Айбибі дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.

Оқушыларды дайындаған мұғалімдер мен кітапханашыларға облыстық кітапхана атынан Алғыс хаттар табысталды