Облыс кітапханалары үшін өлкетану шеберлік сыныбы

Бүгін С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың өлкетану және цифрлық технологиялар бөлімі Павлодар облысының аудандық кітапханаларының мамандары үшін «Электрондық өлкетану коллекциясы. Құрылу кезеңдері» атты шеберлік сыныбын (ШС) өткізді.

Шеберлік сыныбының авторы - Новосібір облысының «Карасук ауданының ОКЖ» ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Нина Михайловна Панасенко. Бұл ШС 2020 жылы «Библиотека как центр изучения локальной истории» халықаралық Ресей-Қазақстан жобасы аясында онлайн форматта өткізілді.

Бүгін аудандық кітапханалардың мамандары практикалық сабақта болып, өз кітапханалары үшін жаңа өлкетану ресурсының макетін жасады. Үйге оралғаннан кейін олар құрылған ресурсты толықтырып жетілдіреді. ШС аяқталғаннан кейін 24 маман қатысушы сертификаттарын алды және ШС қорытындысы бойынша сауалнама сұрақтарына жауап берді.