Облыстық кітапхана ұжымы жеңімпаздар сапында!

Өңірге белгілі "JEBE" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған "Тұғырлы Тәуелсіздік" байқауында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана ұжымы жүлделі 3-ші орынды жеңіп алды. Кітапхана қызметкері, ақын Алпысбай Хонждың авторлық өлеңін жатқа оқыған ұжым мүшелері сәтті өнер көрсетті. Аталған байқауға жалпы саны 300-ге жуық жұмыс келіп түскендігін еске саламыз.