«Облыстық кітапхана – бірінші курс студенттеріне» кітап көрмесі

23 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен «KitapTime – 2022» жалпыреспубликалық фестивалі аясында «Облыстық кітапхана - бірінші курс студенттеріне» атты кітап көрмесі ашылды.

Кітап көрмесіне 100-ден астам оқулықтар, энциклопедиялар мен анықтамалықтар іріктеліп алынды. Бұл студенттердің жиі сұрайтын басылымдары. Көрмеде Қазақстан тарихы, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика және психология, философия, экономика теориясы бойынша оқулықтар, әдебиеттердің бай қоры жаратылыстану ғылымы бойынша– физика, химия, математика, биология, информатика, дәстүрлі тіл білімі бойынша әдебиеттер үлкен сұранысқа ие.

Көрменің ашылуына Жоғары басқару колледжінің, инженерлік және химия-механикалық колледждерінің студенттері қатысты. Көрме қазан айының соңына дейін жалғасады.