Облыстық семинар-кеңес

28 ақпан күні Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Г.К.Баширова және бас маман Ш.А. Мұханбетжанованың, қалалар мен аудандардың мәдениет бөлімдерінің, облыс ОКЖ басшыларының қатысуымен «Павлодар облысының кітапханалары ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында» атты облыстық семинар-кеңес өтті.
2018 жыл кітапхана саласындағы айтарлықтай оң өзгерістерге толы болды. Бұл Нұр Отан партиясының бастамасымен кітапханалардың жаңартылуы, осының арқасында кітапхананың өлкетану қоры сандық түрге көшіріле бастады, облыстың қалалық және аудандық кітапханаларында 25 коворкинг-орталық (Білім-орталығы) ашылды.
Семинарда есепті кезеңдегі кітапханалардың қызметіне талдау жасалып, «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаланы жүзеге асыру аясындағы іс-шаралар тізімі мен қызықты жобалар таныстырылды, өткен жылға қысқаша есептер және 2019 жылға арналған облыстық ОКЖ жоспарлары ұсынылды. Кітапханалар қорын жаңа әдебиеттермен толықтыру, жергілікті бюджеттен кітаптар, компьютерлер, сканерлер сатып алуға қаржы бөлу, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кітапхананың қолжетімділігі және осы санаттағы азаматтар үшін мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру, желілік ресурстарды дамыту мәселелері қарастырылды. ОКЖ кітапханаларында жүзеге асырылған табысты жобалармен кітапхана жүйелерінің басшылары бөлісті.
Облыстық кітапхана мамандары «Болашаққа ұмтылған Ұлы дала» / «Великая степь: из прошлого в будущее»; Павлодарская печать в цифровой среде: сохранение истории края»; «ZhaSTAR». Молодежь в библиотеке: пространство новых возможностей. 2019 - Год молодежи» тақырыптарындағы жобаларын ұсынды.
Қалалар мен аудандардың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшыларына әр өңірдің кітапхана саласындағы істердің нақты көрінісі таныстырылып, мәселелер, алдағы даму жолдары анықталды.
Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Г.К.Баширова әдебиеттерді, компьютерлік техниканы сатып алуға бюджеттік өтінім беру, іс-сапар шығындарын қаржыландыру сынды көптеген сұрақтарға жауап берді.
«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы А. Қозыбаева, зиянды еңбек жағдайлары (кітап шаңы), ауданнан тыс жерлерге жасалған іс-сапарлар үшін қосымша ақы төлеу мәселелерін көтерді.
Кітапхана мамандары облыс кітапханаларын дамыту турады пікір алмасты. Семинар қатысушыларына әдістемелік көмекші құралдар табысталды.