«Облыстық кітапхана - менің өмірімде» үздік әлеуметтік пост желілік байқауы туралы

1. Байқаудың мақсаты
- С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың ең белсенді оқырмандарын анықтау.
- Оқырмандардың кітапқа және кітапханаға деген қызығушылығын арттыру

2. Байқауды ұйымдастыру
- Байқаудың ұйымдастырушысы – С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы (бұдан әрі кітапхана).

Ұйымдастырушылар байқау туралы ақпаратты таратады, сондай-ақ байқауға қатысуға байланысты мәселелер бойынша кеңес береді. Байқау туралы ақпарат әлеуметтік желілерде, кітапхана сайтында жарияланады.

Байқау қатысушылары алдын ала тіркеуден өтепейді және біліктілік талаптары қарастырылмайды. Үміткер 2022 жылдың 20-қаңтары мен 20 қарашасы аралығында байқауға қатыса алады. Байқау мерзімі - 10 ай. Байқаудың өтетіні туралы ақпарат 2022 жылдың 20 қаңтарында жарияланады.

3. Байқаудың шарттары
- Оқырмандар әлеуметтік желілерде С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана туралы арнайы пост жазуы керек. Үміткер материалды естелік ретінде, немесе облыстық кітапханадан алған әсері туралы жазуына болады. Тіпті, туындысын эссе, өлең түрінде ұсынса да құба-құп. Сондай-ақ осы кітапханадан алып оқыған кітабы туралы жазылған дүниелер де қабылданады. Тек кез келген жазба облыстық кітапханамен байланыстырылып берілуі тиіс. Байқауға қатысушы жазған материалын (INSTAGRAM, FACEBOOK) әлеуметтік желілерде жариялауы керек. Қатысушы 10 ай уақыт ішінде бірнеше пост жарияласа тіпті жақсы.
- Қатысушы міндетті түрде #облыстықкітапханаменіңөмірімде хэштегін көрсетуі керек. Сондай-ақ С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың әлеуметтік желілердегі парақшаларына тіркелуі әрі белгілеуі қажет.

4. Байқау материалдарына қойылатын талаптар
Байқау материалдары:
- С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада түсірілген суреттер немесе осы кітапханадан алынған кітаптардың суреттерін қатысушы пост жариялау кезінде пайдалануына болады;
- Байқауға ұсынылатын кез келген туынды көркем әрі шынайы түрде жазылуы керек;
- Қатысушының аты-жөні мен байланыс телефондары көрсетілуі шарт;

5. Байқау қорытындысы
- Байқау қорытындысы 2022 жылдың 10-желтоқсанына дейін шығарылады. Жеңімпаздарды анықтау барысында қазылар алқасы ұсынылған материалдардың санына (бір автор бірнеше материал жариялаған болса), сапасына, көркемдігіне баса назар аударады. Сонымен қатар әлеуметтік постарға жазылған коментарийлер мен лүпіл сандары да ескерілетін болады. Жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапталады.