Облыстық кітапханада өткен қаңтардағы ақындар кездесуі

16 қаңтарда «Истоки» әдеби клубының қысқы лирикаға арналған достық жағдайдағы жайлы да жылы отырысы өтті. Шараға қатысушылар - Павлодар Ертіс өңірінің ақындары Ольга Григорьева, Наталья Антарес, Наталья Млынцева және тағы басқалар өздері шығарған өлеңдерін, сондай-ақ қазақстандық ақындардың шығармаларын оқыды, ал ақындық сөздерді құрметтеуші балалар мен әуесқойлар О.Григорьеваның жазған сүйікті өлеңдерін оқып берді.

Балалар біздің ақын-замандастарымыздың өз өлеңдерін жазуды қалай бастағанымен танысты. Біреулері әдебиеттен қарапайым үй тапсырмасынан бастаса, ал енді біреуі алғашқы махаббаттың уайымын сезіп, өлең жаза бастағаны туралы айтып берді.