Облыстық «Оқу көшбасшысы» мәнерлеп оқу чемпионатының жеңімпазы анықталды

Қарашаның 12-і күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Оқу көшбасшысы» мәнерлеп оқу чемпионатының облыстық кезеңі өтті. Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен облыстық кітапхананың 125 жылдығына арналған.
Іріктеу кезеңдер аудандық және қалалық орталықтырылған кітапханалар жүйесінде ұйымдастырылды. Қатысушылар оқыған кітаптардың тізіміне «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясына енген шығармалар, сондай-ақ биыл мерейтойлары аталып өтілген павлодарлық авторлардың шығармалары енгізілген.

Чемпионаттың облыстық қорытынды кезеңіне іріктеуден өткен жеңімпаздар мен кураторлар шақырылды. Олар алғыс хаттармен марапатталады. Чемпионаттың жеңімпазы және «Оқу көшбасшысы-2021» атағының иегері қазылар алқасының шешімімен анықталды. Бұл атаққа ие болған Баянауыл ауданның өкілі Нұрмұханбет Әділет Мақсатұлы.