«Брайль жүйесі» атты оқыту курсы

16 қараша күні «Жанашыр» орталығында «Брайль жүйесі» атты оқыту курсының қорытынды сабағы өтті. Аталған курсқа Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің дефектология мамандығы бойынша оқитын студенттер белсенді қатысты. Оқыту барысында қатысушылар 1824 жылы Луи Брайль ойлап тапқан бедерлі-нүктелі қаріптін ерекшелігімен танысты. Сондай-ақ студенттер қазақ, орыс және ағылшын алфавиттерді меңгеріп, Брайль қаріпінде әріптер, сандар мен тыныс белілері қалай жазылатынын үйренді.