«СМАРТ-кітапхананы енгізу» оқыту семинары

31 тамыз күні «Техностайл» ЖШС және С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Баянауыл ауданының ОАК-да «СМАРТ-кітапхананы енгізу» атты оқыту семинары өтті. Қатысушылар - Баянауыл ОКЖ кітапханашылары, облыстық кітапхананың мамандары.

Баянауыл ауданының ОКЖ сайтты енгізу бойынша жұмыс үшін қажетті штрих-кодтауға арналған термопринтер, чек-қағаз сатып алынды. «СМАРТ-кітапхана» енгізу бойынша ағымдағы жұмыс және «Оқырмандар», «Кадрлар», «Кітап қоры» бөлімдерін толтыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Кітапханашылармен тәжірибелік сабақтар өткізілді.