Павлодар қ. ОКЖ мамандарын оқыту

«CMAРT-KITAПХАНА» жобасы аясында 25 наурызда облыстық кітапхана мамандары Павлодар қаласының ОКЖ кітапханашыларына арналған «Библиографиялық жазба. МЕМСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері» атты семинар-тәжірибе ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – библиографиялық қызметтің заманауи бағыттарын зерттеу. Өлкетану библиографиясы және цифрлық технология бөлімінің басшысы Т.Муратова МЕМСТ-тың негізгі ережелерімен, библиографиялық сипаттаманың ережелеріндегі өзгерістерімен таныстырды. Қорды қалыптастыру бөлімінің мамандары мен библиографтар «Библиографиялық сипаттама. Қатемен жұмыс», «Кітаптар», «Мақалалар» ДБ-на ақпарат енгізу бойынша практикалық сабақтар өткізді.