Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебіне іс-сапар

2024 жылдың 8 сәуірінен 12 сәуір аралығында Қорды қалыптастыру бөлімінің кітапханашылары А.Т. Ергожина, Қ.Е. Солтанбекова, Б.К. Борамбаева Павлодар облысының аудандық кітапханаларында қызмет жасайтын әріптестерімен бірге Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебінде іс-тәжірибелік оқуда болып қайтты.

Оқу барысында кітапханашылар құжаттарды ғылыми каталогтау, аналитикалық-библиографиялық сипатттама жасау ережелерін меңгеру бойынша теориялық білімдерін жетілдіріп, сондай-ақ «Web-RABIS бағдарламасының» барлық модульдерінде жұмыс бойынша практикалық тәжірибеден өтті және құжаттарды ӘОЖ, КБЖ бойынша индекстеуден әдістемелік кеңес алып қайтты. Сонымен қатар Қазақстандағы кітапхана ісінің дамуы туралы дәрістер тыңдап, Ұлттық кітапхананың барлық құрылымдық бөлімдерін аралап, жұмысымен, ішкі тыныс-тіршілігімен танысып, Ұлттық кітапханада қызмет жасап жатқан әріптестерімен жүздесіп, өзара пікір алмасып, Алматы қалалық кiтапханалар жүйесінің кітапханаларына да экскурсияға барды.

Оқу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебінде «Web-RABIS бағдарламасы» бойынша іс-тәжірибеден өткені үшін сертификаттар алып,  жақсы әсермен өз жұмыстарына оралды.