«ART-STUDIO» шеберханасында кезекті кездесу

Бүгін облыстық кітапхананың креативті шығармашылық орталығында «ART-STUDIO» жастар жобасы аясында ағаш қуыршақтарды көркемдік бояу бойынша шеберлік сабағы өтті! Шеберлік сабағын «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасының оқытушы–сарапшысы Индира Дәулетова және А.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің 3 курс студенттері – Ақерке Жандарбек, Аяла Әжімхан, Сара Аубакір, Жанна Байгурманова және Мерей Серікқали өткізді. Әр түрлі жастағы оқырмандар ұлттық стильде қуыршақтар жасады, мұнда студенттер, колледж оқушылары, "Жас ұрпақ" үйінің тәрбиеленушілері және осы қызықты шығармашылықпен айналасып көрейін деген қала тұрғындары болды. Бұл қатысушылар үшін шығармашылық процесс арқылы өздерінің даралығын білдірудің тамаша мүмкіндігі болды!