«Облыстық кітапханадағы бір күн»

«Мен әріптестеріме не үйрете аламын? Әріптестеріммен қандай пайдалы тәжірибемен бөлісе аламын»? 6 наурыз күні «Облыстық кітапханадағы бір күн» жобасы аясында Шарбақты және Успен ауданының ауылдық кітапханашылары біліктілікті арттыру курсына қатысты.

Облыстық кітапхананың тәжірибелі мамандары ауыл кітапханашыларының кәсіби білімдерін жетілдіріп, толықтыруға көмектесті: кітап қорын қалыптастыру бөлімінің мамандары ВЕБ-РАБИС жүйесіндегі жұмыс форматтарын көрнекі түрде көрсетіп, жеке тәжірибелерімен бөлісті, библиографтар ақпараттық-библиографиялық қызметінің қыр-сырын атап өтті, қызықтырған сұрақтарға жауап берді, әдіскерлер коммуникация орталықтарын құру аясында ауылдық кітапхана жұмысының инновациялық нысандарын атап өтіп, кітапхана кеңістігін безендіру идеяларымен бөлісті. Алдағы уақытта біздің тәжірибеміз әріптестерімізге туындаған мәселелердің оң шешімін табуға көмектеседі деп үміттенеміз.

«Облыстық кітапханадағы бір күн» - бұл кәсіби мамандармен байланыс орнатуға, жаңа білім алуға, пікір алмасуға және уақытты тиімді өткізуге тамаша мүмкіндік. Қорытындылай келе, қатысушылар семинар ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіріп, күн нәтижелі өткенін, әркім өзі үшін жаңа және қызықты нәрсе алғанын атап өтті.