«Оқу көшбасшылары» - мәнерлеп оқудан облыстық чемпионат

2021 жылғы мерейтойлық іс-шаралар аясында сәуір-шілде айларында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана аймақ кітапханалары оқырмандары арасында #мәнерлеп #оқудан #чемпионат ұйымдастырады.

Аталған сайыс адамдардың бос уақытын қызықты әрі тиімді пайдаланып, әдебиеттерге көбірек көңіл бөлуге арналған. Чемпионат қатысушылар әр түрлі деңгейдегі таныс емес мәтіндерді дайындықсыз дауыстап оқу бойынша жарысады.

Үміткерлер тек қазылар алқасы ұсынған кітаптан үзіндісін оқиды. Қазылар алқасы үміткердің көрсеткен өнеріне қарай баға береді.

Облыстық Чемпионат Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың 125 жылдығына арналған.

Облыс кітапханаларының оқырмандары республикалық "Бір ел - бір кітап"акциясы аясында сайысқа қатысады.

Сәуір айынан бастап іріктеу турлары өтеді (аудандық, қалалық). Іріктеуден өткендер қыркүйек айында болатын облыстық турға қатысады.

Аудандардағы және қалалық кітапханаларда чемпионатты ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер бар. Олар іріктеу турларына қатысу туралы толық ақпарат бере алады.