Оқуды жандандыру: идеялар мен тәжірибелер аумағы

5 қазанда Павлодар облысы кітапханашылары Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының кітапханашыларымен онлайн-кездесті. Шараны С. Торайғыров атындағы ОӘҒК басшысы Шолпан Шахметова мен Абай атындағы Қарағанды ҰҚШҰ басшысының орынбасары Калиева Қалтатай ашты.

Онлайн - семинарда негізгі мәселелер – балалар кітапханалары жұмысының тиімді нысандары, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық белсенділігін ынталандырудағы кітапханалардың рөлі, оқырмандардың жас буынның қажеттіліктеріне сәйкес келетін балалар мен жастарға кітапханалық қызмет көрсетудің жаңа тәсілдерін іздеу, сондай-ақ Павлодар және Қарағанды өңірлерінде оқырмандардың осы санатымен жұмыс істеу бойынша кітапхана жобаларын іске асыру тәжірибесін жинақтау, тарату және т.б. мәселелер айтылды.

Павлодарлық мамандар «Павлодар балаларға оқиды» (С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығы); «Оқымпаз балалық шақ» (Екібастұз қ. ОКЖ); «Оқырманды бесіктен өсіреміз» (Железин ОКЖ); «Кітап арқылы көрген әлем» (Павлодар қ. ОКЖ М. Жаманбалинов атындағы ОКЖ) жобалары жайлы айтып берді.

Кездесу соңында балалар мен жастарға арналған жобаларды іске асыруда кітапханаларды дамытуға ынталандыратын осындай кездесулерді жиі өткізу туралы келісім жасалды.