«Оқырмандарға ұсынамыз» ақпараттық сағат

25 мамыр күні С.Торайғыров атындағы облыстық кіапханада Оқу мәдениетін дамыту және қолдау, жас ұрпақ арасында оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Оқырмандарға ұсынамыз» атты ақпараттық сағат өтті. Студенттерге қазақстандық, орыс және шетел жазушыларының ең үздік шығармалары ұсынылды. Оқытушы мен студенттер оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісіп, осы кітаптарды талқылауға үлкен қызығушылық танытты.

Іс-шараға белсенді қатысқан музыкалық колледждің студенттері.