Өлкетану сабағы

4 қарашада облыстық кітапханада «Кітапхана және өлкетану» бағдарламасының аясында кезекті «Өлкетану сабағы» дәрісінің отырысы өтті. Кездесу ақын, Павлодар қаласының тумасы,   Павел Васильев атындағы әдеби бірлестіктің басшысы - Окольничей Татьяна Владимировнаның мерейтойына арналды.

Татьяна Владимировна өлең жазумен жасөспірім кезінен бастап айналысады. Өлеңдері  сұлу табиғат, нәзік сезім  және туған өлке тақырыптарын қамтиды. Кешке қатысушылар автордың орындауында әртүрлі жаста жазылған өлеңдерін тыңдады, Татьяна Владимировнаның отбасы туралы танып білді.

Мерейтой иесін құттықтауға қаладағы әдеби шығармашылық бірлестіктердің өкілдері келді. Кітапхана қызметкерлері мерейтой иесінің шығармашылығымен таныстырып республикалық және облыстық газеттер мен журналдарға шыққан жарияланымдарға шолу жасады.