«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» оқу марафоны аяқталды

Қымбатты достар!

Бүгін павлодарлық балалар ақыны Есентай Ерботиннің 80 жылдығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты оқу марафоны аяқталуда. Марафон онлайн-режимінде өтті. Бір апта бойы балалар әдебиеті бөлімінің әр түрлі жастағы оқырмандары (4 жастан-17 жасқа дейін) сүйікті ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Осы марафонның барлық қатысушыларына, сонымен қатар Б.Момышұлы атындағы мектептің 1 «Д» сынып оқушыларына (сынып жетекшісі Акатаева А.Д), Май ауданы, Май ауылының кішкентай оқырмандары мен кітапхананың басқа да белсенді оқырмандарына ризашылығымды білдіріп алғыс айтқым келеді. Алдағы уақытта барлық балалар алғыс хаттармен марапатталатын болады. Кездескенше!