«Өмірді жақсартатын серіктер» тақырыбындағы онлайн дәріс

7 қазан күні облыстық кітапхананың халықаралық кітап секторында «Өмірді жақсартатын серіктер» тақырыбында онлайн дәріс өтті. Іс-шара жыл сайын 4-10 қазан аралығында өтетін Дүниежүзілік ғарыш апталығына орайластырылған. Онлайн іс-шараға колледж студенттері, кітапхананың тұрақты келушілері қатысты. Қатысушылар спутниктерді, олардың тарихын, пайда болуын, ғарыш қоқыстары туралы  білді. Спикерлер - оқытушы-Александр Антонцев және әуесқой астроном Андрей Калинин. Көрермендер қызықты сұрақтар қоюға мүмкіндік алды, осылайша новстар, спутник пен ғарыш қоқысының арасындағы айырмашылық, ғарыш қоқысының қауіптілігі туралы білді.