«Өнеге сабақтары» атты жоба

Облыстық кітапханада «Парасат жолы» орталығы аясында «Өнеге сабақтары» атты жоба жүзеге асырылады. Мақсаты: жастар арасында адамгершілік қасиетті, адалдық пен мәдениеттілікті, ізгілік пен имандылықты, парасатты тұлғаның үлгісін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың адал да жас өкілдерін дайындау.

«Парасатты ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбы бойынша ф.ғ.к., Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Mazhab kz» діни-танымдық порталының бас редакторы Амантай қажы Тойшыбайұлы дәріс оқыды. Қоғамның негізгі бастауы отбасы тәрбиесі, ата-ананың адамгершілік бейнесі балаларды тәрбиелеудің негізгі көзі және өскелең ұрпақтың бойында парасаттылық идеологиясын ілгерілету туралы айтылды. Дәріс облыстық кітапхананың әлеуметтік желілердегі парақшаларында қолжетімді.