«Брайль жүйесі» атты онлайн-курс

С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханада ZOOM платформасы арқылы «Брайль жүйесі» атты онлайн-курс өтті. Онлайн-курсқа Павлодар педагогикалық университетінің дефектология мамандығы бойынша оқитын студенттер қатысты. Оқыту барысында қатысушылар Луи Брайль жүйесі бойынша теориялық және практикалық білім алып, жазу және оқу дағдыларын, қазақ, орыс және ағылшын алфавитін, тыныс белгілерді меңгеріп алды.