«Әл-Фараби адамгершілік пен саясат туралы» тақырыбындағы кездесу

«Павлодар облысының ғалымдары» Цифрлық энциклопедия» жобасы аясында облыстық кітапханада ғалым-зерттеуші, PhD докторы, С. Торайғыров атындағы ПМУ оқытушысы-Асылан Дыбысбекұлы Әзербаевпен кездесу өтті.

Кездесу «Әл-Фараби адамгершілік пен саясат туралы» тақырыбында өрбіп, қазіргі білім мен ғылымның, адамгершілік пен саясаттың мәселелері, Әл-Фарабидің іліміндегі «ізгі қала» идеясы және жас ұрпақты тәрбиелеу процесіне ғалымның жеке көзқарастары талқыланды.

Бейне кездесудің толық нұсқасын С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасының YouTube-арнасынан көре аласыз.