Онлайн-дәріс «Мир глазами незрячих»

15 қазанда Zoom платформасында қаламыздағы ПМПУ студенттеріне «Мир глазами незрячих» атты дәріс өтті. Дәрісті өткізу күні кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі 15 қазан - Халықаралық Ақ таяқ күні. Бұл әрине мерекелік күн болып саналмайды, алайда айналамыздағы көзі көрмейтін және нашар көретін адамдардың мәселелеріне қоғамның назар аударуының өзіндік бір себебі, яғни  көмек көрсету және ынтымақтастықты білдіру күні. Дәріс барысында қатысушы студенттер өздеріне көптеген жаңалықтар ашты, оның ішінде: әлемге әйгілі зағип адамдардың өмірінен фактілер келтірілді, оңалтудың техникалық құралдарымен танысты, сондай-ақ зағип және нашар көретін адамдармен қарым-қатынас этикасы туралы білді.