Онлайн – экскурсия

04 ақпанда Павлодар қаласындағы технологиялық колледждің 1 курс студенттерінің қатысуымен ZOOM оқу базасында онлайн-экскурсия өткізілді.

Виртуалды экскурсия-кітапхана кеңістігін жарнамалаудың ең танымал нұсқаларының бірі. Бұл жаңа ақпараттық өнім, оның көмегімен кітапхананың мүмкіндіктерін, оның бөлмелері мен интерьерін көрсетуге болады. Мұндай экскурсиялар сайттың виртуалды келушілерін кітапхананың нақты оқырмандарына айналдыруға бағытталған.

Іс-шара барысында кітапхана туралы, оның танымал келушілері туралы бейнефильм көрсетілді, кітапханада өтетін іс-шаралар, көрмелер баяндалды. Қорларда технологиялық колледждің оқу пәндері бойынша арнайы әдебиеттер ұсынылған өндірістік әдебиет секторына ерекше назар аударылды. Тікелей эфирде айтылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.