Ортодонт дәрігермен онлайн кездесу

4 мамырда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана «Sofia»  медициналық орталығының ортодонт дәрігері Яна Владимировна Зайниевамен онлайн кездесу ұйымдастырды. Бұл шара «Айтолқын» Лекторий аясында өтті. Яна Владимировна ауыз қуысының гигиенасы және ауруларының алдын-алу туралы сұрақтарға жауап берді. Кездесуді кітапхананың Instagram әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде бір тәулік бойы көре аласыз.