«Парасатты ұрпақ – жарқын болашақ» атты онлайн кездесу

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жандандыру мақсатында «Парасат жолы» орталығы жұмыс жасауда. «Парасатты ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында өткен кездесуге Павлодар қаласының Құрметті азаматы, ардагер журналист, ақын Шолпан Байғалы қатысты. Кездесу қонағы ар, намыс, тектілік пен тәлім-тәрбие, адалдық тақырыбында әңгіме өрбітті. Онлайн басқосуға мәдениет саласының өкілдері мен жастар қатысты. «Парасат жолы» орталығы алдағы уақытта да зиялы қауым өкілдерімен әсерлі әңгіме, сүбелі сұхбат, тартымды кездесулер өткізуді жоспарлауда.