«Орион» фотообъективтеріндегі Павлодар»

2019 жылғы 6 сәуірде «Айна» галереясында фотокөрме және «Павлодар в объективах «Ориона» фотокітабының тұсаукесері өтті.

Кітап 1970 жылы ұйымдастырылған және кеңінен танылған павлодарлық фотосурет мектебіне айналған «Орион» қатысушыларының шеберлік деңгейін тамашалауға мүмкіндік береді. «Орион» фотоклубы – көптеген халықаралық, жалпыодақтық, республикалық байқаулар мен көрмелердің қатысушысы. Фотоклуб жұмысының мақсаты – шығармашылық фотосуретті дамыту, павлодарлық фотосуретшілердің мұрасын сақтау, фотосурет өнерін әйгілендіру, авторлар мен көрермендерде көркем талғамды тәрбиелеу. Кітапта 16 автордың 155 фотосуреті таныстырылған, олар «Орион» фотоклубының әртүрлі буындарының өкілдері болып табылады. Фотосуреттер жиырмасыншы ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Сол жылдардың фотосуреттеріндегі Павлодар қазіргі заманғы көрермендердің арасында ерекше қызығушылық тудырады.
Бұл көрме Павлодар қаласында фотосурет мәдениетінің дамуын тағы бір мәрте тамашалап, бағалауға мүмкіндік береді.