«ОСЕННИЕ МОТИВЫ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САБАҚ

29 қырқүйек күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Библиоквартирники» клубының отырысы болып өтті. Клуб мүшелері «Осенние мотивы» атты шығармашылық сабаққа орай жиналған болатын. Балалар кітапханашының күзгі табиғи материалдарды қолданып көптеген қызықты және мейірімді кейіпкерлерді жасау бойынша ұсынысына қуана атсалысты.

Енді кітапханада ермексаз, шырша бүрілері, емен жаңғақтарының, жапырақтардың көмегімен пайда болған кірпілер, жұлдызқұрттар, саңырауқұлақтар және сиқырлы орманның басқа да мекендеушілері қоныстанды. Бұл ерекше туындыларды кітапхананың барлық оқырмандары тамашалай алады.