Күзгі бал

19 қазанда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада "Кітапхана түні" акциясы өтті. Креативті шығармашылық орталығы "Бал патшасы мен патшайымы" конкурсы бар «Күзгі балды» ұйымдастырды.

Байқауға қатысушылар сайыста бірнеше тапсырма орындап, өз өнерлерін көрсетті.

Жеңімпаздар "Батырмолл" СОО сертификатымен, дипломмен марапатталды және оларға тәж кигізілді!

Балдың ерекшелігі - "Приличное общество" тарихи би клубының қатысуы болды, олар тарихи би бойынша мастер-класс өткізді, сондай – ақ оқырмандарға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, 19 ғасырдағы контрданс, квадриль, вальс билерін көрсетті.

Павлодарда мұндай іс-шара алғаш рет өтіп, үлкен қызығушылық тудырды!