«Отбасы ұйытқысы - ене мен келін» жобасы

25 маусым күні облыстық кітапхана отбасылық құндылықтарды дәріптейтін, ене мен келін сыйластығын нығайтуға арналған ой бөлісу форматындағы тікелей эфир ұйымдастырды. «Айтолқын» әйелдер лекторий шеңберінде «Отбасы ұйытқысы - ене мен келін» жобасы жүзеге асырылуда. Екінші кездесуде қонақта болған тату-тәтті отбасының ұйытқысы болып отырған ене Сеитова Алма ханым мен оның инабатты келіні Рахимбаева Асель. Олар оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, ене мен келін арасындағы татулықтың сырымен бөлісті. Бұл кездесудің ерекшелігі екеуі қосылып Ұлы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқады, сонымен қатар Асель келін өзі «Сыңсу» айтып ұзатылса, қазіргі уақытта қыздарға жеңгесі болып «Әужәр» айтып шығарып салуда.