«Отбасы ұйытқысы-ене мен келін» жобасы

29 қазан күні облыстық кітапхана отбасылық құндылықтарды дәріптейтін, ене мен келін сыйластығын нығайтуға арналған жобаның кезекті алтыншы тікелей эфирін ұйымдастырды. Эфирде қонақта болған тату-тәтті отбасының ұйытқысы болып отырған ене Мускенова Светлана мен оның тәрбиелі келіні Мускенова Әлпеш. Олар ене мен келін арасындағы татулықтың сырымен бөлісе отырып, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.