«Отражение» атты дебюттік жеке көрмесінің ашылуы

2022 жылдың 2 желтоқсанында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Айна» галереясында павлодарлық суретші Тлеулес Абельдинованың «Отражение» атты дебюттік жеке көрмесінің ашылуы өтті.

Көрменің ашылуында ҚР Суретшілер одағының Павлодар филиалының төрағасы Ө.А. Шоранов, белгілі суретші Г. Я. Беспалова, С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың басшысы Ш. Б. Шахметова, сондай–ақ әріптестері мен іс-шара қонақтары қолдау сөздерін айтты. Музыкалық сыйлықпен Торайғыров университеті студенттік филармониясының музыканттары келді.

Экспозицияда май техникасында 35 жұмыс ұсынылған. Жұмыстың негізгі бағыты - реалистік импрессионизм стилінде кескіндеме, өмірдегі сюжеттерді бейнелеу.

Көрме 2022 жылдың 2-22 желтоқсаны аралығында жұмыс істейді.