«Қазақ халқының қолөнері» этнокөрмесінің ашылу салтанаты

17 наурызда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Наурыз мейрамын тойлау аясында «Қазақ халқының қолөнері» атты этнокөрменің ашылу салтанаты өтті.

Этнокөрме бірнеше бөлімнен тұрады:
- «Ата кәсіп ұрпаққа аманат»
- «Әшекей бұйымдар әлемі»
- «Ұлттық өнер – ұлттық киім
- «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі»
- «Шебердің қолы көпке ортақ».
Бұл бөлімдерде күнделікті өмірге және шаруашылыққа қажетті заттар, пияла, астау, музыкалық аспаптар, түрлі сандықтар, зергерлік әшекейлер, ұлттық киім, жүн мен киізден жасалған бұйымдар және т.б. ұсынылған.

Аталмыш көрменің бірегейлігі экспонаттардың витриналарсыз ұсынылуында. Көрмеге қатысушы әрбір көрермен түгелдей барлық өнімдерді қолымен ұстап, оны зерттеп, жан-жағынан қарастыра алады.