Евгений Фридлиннің жеке көрмесі ашылды

17 қазанда «Айна» галереясында Павлодарлық танымал суретші Евгений Фридлиннің жеке кескіндеме көрмесі ашылды. Евгений Фридлин Қазақстанда ғана емес, шетелде де аты шыққан әрі қалаулы кескіндеме шебері болып табылады. 2010 жылдан бастап ҚР суретшілер одағының мүшесі. Оның жұмыстары Қазақстанның, Ресейдің, АҚШ-тың, Германияның және т.б. елдердің музейлерінде, галереяларында және жеке жинақтарында сақталған.

Көрменің ашылуына ҚР суретшілер одағының мүшелері өнертанушы Майя Хусаинова, суретші Виктор Поликарпов қатысты. «Орион» фотоклубының мүшелері, қаладағы шығармашылық зиялы қауым өкілдері, сурет колледжінің студенттері көрмені алғаш болып көрді.