«Два взгляда» атты сурет көрмесі

30 қазан күні облыстық кітапхананың «Айна» галереясында Павлодар қаласындағы балалар көркемсурет мектебінің педагог-суретшілері Шамиль Ракымбекович Шушаев пен Анна Валерьевна Аткинаның  «Два взгляда» атты сурет көрмесінің ашылуы өтті.

Бұл Ш.Р. Шушаев пен А. В. Аткинаның бірінші жеке көрмесі, жоғары санатты педагог-суретшілер, халықаралық, республикалық және облыстық конкурстардың бірнеше мәрте жеңімпаздары. Экспозицияда суретшілердің 30-дан астам жұмыстары қойылған. Бұл акрил мен майдың кенептерінде орындалған классикалық және заманауи кескіндеме туындылары. Көрмеге қойылған жұмыстарда әртүрлі тақырыптар қамтылған (натюрморт, портрет, пейзаж).

«Ривьера» би-спорт клубының атынан Коновалов Кирилл мен Ярушина Анастасия «Ча-ча-ча» биімен көрмені ашты.

Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің басшысы Ляйля Мукарамовна Мағзамова және басшы орынбасары Инна Владиславовна Масленникова, сондай-ақ ҚР Көркемөнер академиясының корреспондент-мүшесі, суретші Ерсін Қасқиұлы Такирбасов және облыстық кітапхананың ақпарат, тіркеу және бақылау бөлімінің басшысы Әсемгүл Рамазанқызы Аульбаева құттықтау сөз сөйледі.

Көрмеге келушілер арасында Павлодар қаласының танымал суретші-педагогтары, сондай-ақ көркемсурет колледжі мен Инновациялық Еуразия университетінің студенттері болды.        

Көрме 2021 жылдың 25 қарашасына дейін жұмыс істейді.