"Отты жылдар куәгері" фотопостері

Ұлы Жеңіс күні – батырлардың даңқты рухын ардақтап, Отанға адал қызмет етуді, аға ұрпақтың ерлігін мәңгілік ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Бүгінгі ұрпақ ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзеуі тиіс. Осы орайда,  С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы "Отты жылдар куәгері" фотопостері" жобасын ұсынады. Кітапхананың әлеуметтік желілерінде жергілікті ардагерлердің өмір жолын баяндайтын ақпараттар күнбе-күн жарияланып тұратын болады. Ел басына күн туғанда етігімен су кешіп, кеудесін оққа тосқан ержүрек батырларымыздың ерлігі мәңгі ұмытылмауы тиіс.Великой Победы - один из величайших в истории человечества, ведь в этот день мы чтим память Героев, беззаветно отдавших свои жизни за мирное небо и счастливую жизнь благодарных потомков. Помнить их славные имена - наш священный долг! Долгих лет жизни нашим героям, к сожалению, их осталось очень мало, но они с нами и мы, Павлодарская областная универсальная научная библиотека имени С. Торайгырова, представляет проект "Фотопостер "Живая память". В социальных сетях библиотеки ежедневно будет размещаться информация о жизни наших славных ветеранов. Это станет прекрасным уроком мужества для подрастающего поколения и для всех нас!