«Парасат жолы» жастардың көзімен

Осы жылдың 15-ақпаны күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Парасат жолы» жастардың көзімен» атты дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында «Парасат жолы» орталығының былтырғы жылы жасаған шараларының қорытындысы айтылды. Сонымен қатар өңірлік ақпараттық ағартушылық штабының басшысы Еркеғали Жанғазы өткен жылы атқарылған жұмыс бойынша сараптама жасады. Жиын барысында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Медет Тауасқан сөз сөйлеп, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарында белсенділігімен көзге түскен кітапханаларды марапаттады.

Сонымен қатар жиында белгілі блогер, журналист Рымбек Қабиден, «JEBE» ҚБ-нің төрағасы Данияр Жұмаділ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Айбек Оралхан, айтыскер ақын Абзал Қабдыраш, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Еламан Қабділәшім секілді тағы да басқа қоғамдағы белсенді жастар өз ойларын ортаға салып, бірнеше ұсыныстарын айтты. Жиын соңында өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында С.Торайғров атындағы облыстық кітапханамен жергілікті ақпараттық ағартушылық штабы өзара меморнадумға қол қойды.