«Парасат жолы» жобасы аясында Серік Сатыбалдинмен кездесу

19 мамырда Қазақстанда балалар мен жастардың кітап оқуын қолдау жылы және «Парасат жолы» жобасы аясында С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында Серік Сатыбалдинмен кездесу өтті. Жазушы, ақын, журналист, ұстаз Серік Қинаятұлы қоғамда ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын, адалдық пен әдептілікті дәріптеудің маңыздылығы, адам тәрбиесі үшін оқудың рөлі туралы айтты.