«Парасат жолы – қоғам айнасы» дөңгелек үстелі

19 қараша күні С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Парасат жолы» жобасы бойынша «Парасат жолы - қоғам айнасы» атты қорытынды дөңгелек үстелі өтті.

Кітапханалардағы «Парасат жолы» орталықтары – қазіргі таңда азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, парасаттылық идеологиясын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарды кеңінен насихаттау алаңына айналған.

2021 жылы облыс бойынша кітапханалардың ұйымдастыруымен сыбайлас – жемқорлыққа қарсы 250 іс-шаралар өтті, 6000–нан аса адамдар қатысты. Шараларға аудандық сот мүшелері, этно-бірлестіктіктерінің өкілдері, «Ардагер» клуб мүшелері, жергілікті аудандық, ауылдық әкімшіліктің мамандары, заңгерлер, білім саласының мамандары, қоғамдық белсенділер, жергілікті зиялы қауым, аудандардың Құрметті азаматтары және т.б. қатысты.

Дөңгелек үстелге Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Назымбек Бекжанов қатысты, ақпараттық-ағартушылық штабының басшысы Еркеғали Жанғазы, Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Исатай Хикметов, шығармашылық зиялы қауым өкілдері - ақын, журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Байғалықызы Шолпан мен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Алпысбай Хонж және облыс кітапханашылары, қоғам белсенділері, жергілікті аудандық, ауылдық атқарушы органдарының мүшелері қатысты.

Шарада облыстық кітапханалар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік бейнероликке арналған облыстық байқаудың қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.