«Парасат жолы» орталықтары іс-әрекет жолында» атты семинар

2021 жылдың 10 желтоқсанда С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ZOOM-платформасында «Парасат жолы» орталықтары іс-әрекет жолында» атты семинар өткізді.

Іс-шараға облыстық кітапхана, Павлодар қаласының ОКЖ және Павлодар ауданы ОКЖ мамандары қатысты. Орталықтар жұмысы туралы Павлодар ОӘҒК әдіскері М.Исакаева, Павлодар қ. ОКЖ басшысы Р.Маралбаев және Павлодар ауданы ОКЖ әдіскері А.Әлиева баяндама жасады. Олар өз сөздерінде жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру жұмысына кітапханашылардың зор үлестерін атап өтті.

Биыл облыс бойынша барлығы 280 –ден астам жемқорлыққа қарсы іс-шаралар, 6000-нан астам адам қатысуымен өткізіліп, 240 бейнеролик жасалды. Іс-шараларға жергілікті зиялы қауым, қоғам белсенділері, облыс, қала, аудан Құрметті азаматтары, аудандық сот, этно-бірлестіктіктер өкілдері, «Ардагер» клуб мүшелері, жергілікті аудандық, ауылдық әкімшіліктің мамандары, заңгерлер, білім саласының мамандары және тағы басқалары қатысты.

Павлодар ауданы кітапханалары «Парасат жолы» жобасы аясындағы атқарған жұмысы үшін жобаның облыстық үйлестіруші атынан грамотаға ие болды.