«Парасаттылық – өмір айнасы»

4 қарашада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын және С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың 125 жылдығын тойлау аясында «Кітапхана аймақтың мәдени потенциалын дамыту жолында» атты халықаралық форумның «Шеберлік сыныптар, тренингтер.

«Шығармашылық шеберханалар» бөлімінде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі, «Ертіс – адалдық алаңы» жобалық офисінің басшысы, журналист Ризабек Аспандиярұлы Исабеков парасаттылық жайлы шеберлік – сынып өткізді.

«Парасаттылық өмір айнасы / Добропорядочность как норма жизни» атты слайдттар көрсетілді. Сыбайлас – жемқорлықпен күрес қалай жүзеге асуда және ондағы жастардың ролі, студенттік клубтар, жалпы «парасаттылық» дегеніміз не? және адам іс-әрекетінің моделі туралы сөз қозғалып, «Ертіс- адалдық алаңы» жобасының жұмысы жайлы айтылды.