Патриоттық сағат «Ерлер – жердің корғаны»

5 мамырда С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығында Отан қорғаушылар күніне орай «Ерлер-жердің қорғаны» атты патриоттық сағат өтті.

Кітапханашылар балаларға Қазақстан Қарулы Күштерінің даңқты жауынгерлік дәстүрлері туралы, армия құрылымы және сарбаз қызметінің маңыздылығы туралы айтып берді. Заманауи жағдайда әскери қызметке қалай жақсы дайындалу керек және жауынгер патриотқа қандай қасиеттер тән болуы керек деген сұрақтарға жауап берді.

«Отанды қорғау – азаматтың қасиетті борышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.