Патриоттық сағат «Рәміздерім — мақтанышым»

2 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Рәміздерім — мақтанышым» атты патриоттық сағат өтті.

Шараға №1 мектеп-интернатының жазғы мектеп лагерінің оқушылары қатысты. Жас оқырмандар елдің басты рәміздері - Отанымыздың Елтаңбасы, Туы, Әнұранына арналған кітаптармен танысты.

Шараның мақсаты - рәміздер тарихына деген қызығушылықты ояту, патриоттық сезімге тәрбиелеу, халқымыздың тарихи өткені мен дәстүрлерін құрметтеу.