Павел Кожемякиннің сурет көрмесі

21 қыркүйек күні «Айна» галереясында жас павлодарлық суретші Павел Ефтифиевич Кожемякиннің жеке сурет көрмесі ашылды.
Автор 1986 жылы Павлодар қаласында туған. Павлодар көркемсурет колледжінің түлегі (2012 ж). Мамандығы суретші-дизайнер. 2016 ж. қаңтар айында «Айна» галереясында «Возрождение» атты алғашқы жеке көрмесі өтті. Павел Кожемякин жаңа көрмесін өзінің туған өлкесіне арнайды. Ұсынылып отырған жұмыстарында Ертіс өзені, қала көшелері, Баянауыл, ауыл көріністері, туған үйі бейнеленген. Экспозиция отызға жуық кескіндеме жұмыстардан тұрады. Жас суретшінің негізгі натюрморт, пейзаж бағытындағы жұмыстары көрсетілді. Көрменің ашылуында өнертанушы М. Б. Хусаинова, Павлодар көркемсурет колледжінің ұстаздары, достары жас суретшіге жылы лебіздерін білдіріп, құттықтады.
Көрме 2019 жылдың 21 қыркүйегінен 5 қазанға дейін болады.