Павлодар Ертіс өңірінің ежелгі фаунасы

23 қаңтар күні облыстық кітапханада «Зеленая планета» экологиялық лекторийінің отырысы өтті. №8 лицей-мектебінің ұстазы В.А. Кожокар №11 ЖОББМ оқушыларына Павлодар облысының аумағында мекендеген ежелгі жануарлар туралы, мысалға, мамонттар, бизондар, жирафтар, мүйізтұмсық, жолбарыстар және т.б. әңгіме өрбітті. Көрнекі мысал ретінде Павлодар география үйінің қорынан ежелгі жануарлардың сүйектерінің экспонаттары ұсынылды. Балалардың назарына библиографиялық шолу және тақырыптық әдебиеттер көрмесі ұсынылды.