«Павлодар облысының қасиетті жерлерінің картасы» өлкетану сабағы

16 мамыр күні ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Павлодар облысының қасиетті жерлерінің картасы» тақырыбында «Өлкетану сабағы» өткізілді.

Дәріс барысында ПМПУ Margulan Centre «Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Е.К. Абеуова курсанттарды Павлодар облысының республикалық және облыстық деңгейдегі қасиетті ескерткіштерімен таныстырды, археологиялық артефактілерді зерттеу және қалпына келтіру жайында әңгімеледі, сондай-ақ қатысушыларға бейне материал көрсетілді.